Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 16-1 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» №15-9 шешімімен сайланған 1 комиссия мүшесінің және Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-10 шешімімен сайланған №343 учаскелік комиссиясының 1 мүшесінің өз еркімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты төмендегі аталған. яғни аудандық аумақтық сайлау комиссиясына және №343 учаскелік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2024 жылдың мамыр айының 3-не дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
– кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді;
– саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін;
– кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихат аппараты.