Құлаққағыс

104 Views

Сәуір айының 22-сінен бастап, ел аумағында халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде. Бұл акцияға Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі қолдау білдіруде. Аталмыш желілік полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында акция өткізуде. Өз еркімен қару-жарақ, оқ дәрілерді тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын көлік полицейлері еске салады. Барлық сұрақтар бойынша Түрксіб станциясы желілік полиция бөліміне хабарласуларыңызға болады. Тел.: (8 726 31) 36-3-43.

Ераслан Есенғали,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Поделиться ссылкой: