3 айда 154 азаматтық іс қаралған

110 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2024 жылдың 3 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз кон­фе­ренциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған іс­тер мен материалдар бойынша статис­тикалық деректерін айтып өтті. 2024 жылдың 3 айында 15 қыл­мыс­тық іс 15 тұлғаға қатысты қа­ралған. Оның ішінде 14 тұлғаға қатысты 14 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 166 тұлғаға қатысты 166 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 133 іс бойынша әкімшілік жаза та­ғайындалып, 33-і қысқартылған. Тараптардың медиация тәртібімен тату­ласуы арқылы 15 іс қысқартылған. Сондай-ақ, 2024 жыл­дың 3 айында 154 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 77 іс бойынша шешім шығарылған. Ал, 20 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 23 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 34 азаматтық іс қысқартылған, 31 азаматтық іс медиация тәр­ті­бі­мен, 1-еуі бітімгершілік тәртібімен қыс­қартылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 12 мақала жарияланған. 2 дөңгелек үстел, 2 семинарлық сабақ, 1 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тілші­нің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақ­тарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: