«СHI LING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

113 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге жасаған іссапарларында шетелдік инвесторларға Қазақстан бизнесті дамытып, өнеркәсіпті өркендетуге қолайлы екенін әркез айтып жүр. Қазіргі таңда елімізге көптеген инвесторлар келіп, өз жұмыстарын жүргізуде. Жамбыл облысында да өндіріс ошақтарын салып, қазынаға салық төлеп отырған шетелдік компаниялар да бар. Алдағы уақытта да мұндай іргелі тірліктер өз жалғасын таба түсетіні анық.
Біздің ауданымыз облыс бойынша дәнді дақыл егетін аграрлы өлке болып есептеледі. Жалпы, бұл бағытта ғана емес, кез келген кәсіп субъектісінде өндіріс ошағын ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ететін инвестор табылса, аудандық атқарушы билік өкілдері оны әркез қолдауға дайын. Тіпті, өндіріс ошағын салуға тиісті жер телімі де межеленіп қойған. Соны кәдеге жаратар инвестор табылса, құба-құп.
Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов Қытай Халық Республикасының «Сhi Ling» компаниясының өкілі Янг Хумен кездесті. Қытайлық компания аудан аумағында тері-жүн өңдейтін кәсіпорын ашуға қызығушылық танытуда. Екіжақты кездесуде аталмыш бағыттағы мүмкіндіктер талқыланып, басқа да ұсыныстар қаралды. Кездесу қорытындысымен компания өкілі аудан басшысына алдағы уақытта жоба әзірлеп, нақты ұсыныспен қайырылатындығын жеткізді.

«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой: