Саябаққа ағаштар егіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді

121 Views

Бұрындары аудандық кірістер басқармасы ғимаратының артында орналасқан саябаққа барсаңыз, көріксіз көрініске куә болатынбыз. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің тікелей басшылығымен бұл саябаққа жан бітіп, келбеті құлпыра түсті. Қазір онда барсаңыз, келісті көріністің куәсі боласыз. Ауданымызда кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдерінің және мәс­лихат депутаттары мен тұрғындардың атсалысуымен республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясы жоғары дең­гейде іске асырылуда.
Әсіресе, аталмыш шараға қатысып, азаматтық позицияларын белсенді танытып келе жатқан аудандық орталық аурухана қызметкерлері мен аудан жастарын атап өткен жөн.
Эконауқанның екінші аптасы «Киелі мекен» аясында 3000-нан аса тұрғындар қамтылып, мемлекеттік тізімдегі 81 тарихи-мәдени ескерт­кіштер орналасқан саябақтар мен аллеялар маңына санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді және 300 тал-дарақтар отырғызылып, 200 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.
Өткен сенбіде Құлан ауылындағы әлгінде біз атаған аудандық кірістер басқармасы ғимаратының артында орналасқан сая­баққа тұрғындардың атсалысуымен абаттандыру, көгеріш­тендіру шаралары іске асырылып, ауданымызды өркендету бағытындағы игі шара бірлікте қоры­тындыланды.
Бұл акцияның нәтижелігі туралы аудандық газет үздіксіз мақалалар сериясын жариялап жүр. Алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғасатын болады. Сондықтан сіз де қарап қалмай, аталмыш акцияға қолдау білдіріп, өз үлесіңізді қосыңыз.
Шара соңында саябақ­тың архи­тек­тура­лық-көркемдік келбетін дамытуға бағытталған сәулет пішіндері сараланып, аудан кәсіп­керлеріне концептуалдық әзірліктер таныс­тырылды.
Таныстырылым бары­сында кәсіп­керлер өз қара­жаттарына бірқатар сәулет пішіндерін қоюға ниет біл­діріп, ауданымызды көркейтуге атса­лы­са­тын­дық­тарын жет­кізді.
Бұл бас­тама аудан кә­сіп­­­керлерінің ауыз­­­біршілігі мен іс­кер­­лігінің жарқын көрі­нісін көрсетеді. Бұл олардың туған өлкені гүл­ден­ді­руге қосып жатқан игі бас­тамасы деп білеміз.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: