Шыбық қадап, тал отырғызу– сауапты іс

130 Views

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу – сауапты амал. Жердің тоңы жібіп, алғашқы көк шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Себебі, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста ық болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. Дәл осы бағытта өткен сенбіде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто жолының бойында орналасқан «Дулат баба» кесенесінің аумағына Көкдөнен ауылының тұрғындары 30-дан аса жеміс-жидек, 15 шырша көшеттерін отырғызды. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясына үн қосу деп білеміз. Сонымен қатар, кесене маңына толықтай тазарту жұмыстары жүргізілді.
Өскелең ұрпаққа өнеге, игі баста­ма­ларға мұрындық болуға атсалысқан азаматтарға ауыл ақсақалдары ізгі тілек­терін жаудырып, баталарын берді. Тәр­биелік мәні зор келелі іске аудан әкімі Ернар Серікәліұлы да қатысып, көк­дө­нен­діктерге алғысын білдірді.

Гүлнұр АМАНЖОЛ.

Поделиться ссылкой: