Мерекелік құттықтау

181 Views

Қадірлі аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 мамыр мерекесі – бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша отандастарымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Бұл — бәріміз үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық бірліктің мерекесі.
Құрметті көпшілік! Ардақты ағайын!
Бірлігі бекем ұлттың алар асуы, шығар шыңы биік болатыны сөзсіз. Ендеше уыздай ұйыған ортақ Отанымызда атқан әрбір бейбіт күннің қадіріне жетіп, бақытты да баянды ғұмыр кешейік!
Ел басына сын сағаттар туып, адам денсаулығына алаң­дайтын қазіргі төтенше жағдай кезінде бірлік пен ынты­мақтың, татулық пен тұтастықтың маңызы ерекше. Біз біріксек қана, бір мақсатқа жұмылсақ қана, адамзат бала­сына қауіп төндірген бұл сыннан да сүрінбей өтеміз.
Баршаңызды ынтымақ пен бірлік мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр отбасына амандық, денсаулық, ынтымақ, бірлік пен құт-береке тілейміз! Тыныштығы сақталып, ынтымағы жарасқан еліміздің еңсесі биік, мерейі үстем болсын.
Халықтың тамаша дәстүріне, қазақстандық толеранттылықтың бейнесіне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын.
Қадірменді жерлестер!
Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін. Тілегіміз – тыныштық пен татулық болсын. Баршаңызға зор табыс тілейміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!

                          Аудан әкімі                                                                 Е.Есіркепов.

             Аудандық мәслихат төрағасы                            Е. ӘбутӘліпов.

Поделиться ссылкой: