Келелі жиын өтті
19 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Хабарлама
«Статистикалық есептерді онлайн режимінде қабылдау» АЖ енгізуге байланысты респонденттерге есептілік электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны алу үшін бизнес сәйкестендіруші нөмірі (БСН) жеке сәйкестендіруші нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.
Аутентификация құралдарын және ЭЦҚ-ны беру ХҚКО-да орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады.Тіркеу орталықтарының тізбесі ҰКО-ның http://pki.gov.kz/index.php/ru/ сайтында қол жетімді.
Алғашқы статистикалық деректер электрондық түрде (онлайн режимде) белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімдерде ұсына алмаған жағдайда сіз тіркелген жеріңіз бойынша аумақтық статистика органдарына жүгінуіңіз қажет. Мұның өзінде алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау және дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 V Кодекстің 497- бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.
Құрметті респонденттер біз сіздердің пікірлеріңізді аса бағалаймыз.Сондықтан статистикалық есептілік нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды Телеграмм бот https://t.me/statgovkz_bot арқылы «Өтінім жасау» бөліміне жолдауларыңызды өтінеміз. Статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласыңыздар – 1446.
Online режимде деректерді жинау бойынша ұсыныстарыңызды Ұлттық статистика бюросының республикалық кеңесінің e.stat@aspire.gov.kz электронды поштасына жібере аласыз.
Аудандық статистика басқармасы.