Өзіңді туберкулезден қорға!

150 Views

Туберкулез – көбінесе созылмалы түрде өтетін, іріп ыдырауға бейім арнайы түйіншектердің – туберкулалардың әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда түзілуімен сипатталатын барлық жа­нуарлар түрінің және адамдардың жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы – Mycobacterium туысына жатады. Оған 30 астам өзіндік түрлері кіреді.
Жануарларда ауруды бұқа тубер­куле­зінің микобактериялары (Myco­bacterium bovis), адамның (Mycobacterium tuberculosis) және құстың (Mycobacterium avium) түр­лері қоздырады. Туберкулез мико­бактерияларының бұқа түрі негізінен ірі қара малдар үшін патогенді, бірақ оларға барлық сүтқоректілер және адамдар бейім келеді. Туберкулез ауру малдан адамға, ауру адамнан малға жұғуы мүмкін. Адам туберкулезі қоздырушысының түріне адамнан басқа шошқа, мысық, ит, ірі қара және ұсақ малдар бейім.
Мал иелері, шаруашылық субъек­тілері меншік түрлеріне қарамастан жануарлар туберкулезінің алдын-алу мақсатында келесі шараларды жүзеге асырады:
– қолындағы бар немесе жаңадан сатып алынған жануарлар туралы сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына хабарлайды;
– малдарды сатуды, союға өткізуді, жайлауға шығару мен орналастыруды және тағы басқа орын ауыстыру мен топтастыруды, мал шаруашылығы өнімдерін сатуды сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен жүргізеді;
– мал азығын дайындау барысында ауру жұқтырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтайды;
– жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветери­нариялық өңдеулер жүргізу үшін 30 (отыз ) күн бойы оқшаулап ұстайды;
– туберкулезге күмәнді жануар­лардың ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке дер кезінде хабарлайды (қоңдылығының төмендеуі, өкпенің қабыну белгілері, беткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы);
– ветеринариялық мамандардың талабы бойынша иелікке алынған жа­нуарлар туралы барлық қажетті мәлі­мет­терді береді. Оларға тексеру, зерттеу мен өңдеулер жүргізу үшін жағдай жасайды;
– жануарларды тасымалдағанда, оларды күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы нысандарын салу кезінде санитариялық-эпидемияға қар­сы және ветеринариялық-сани­та­риялық талаптарды сақтайды;
– ауданның (каланың) бас мемле­кеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша ауру малдарды уақы­тында өткізуге немесе аурудан таза емес барлық мал басын толығымен жояды;
– осы ветеринариялық ережеде қа­рас­тырылған жануарлардың тубер­кулез ауруының алдын-алу, сондай-ақ, ауру шыққан жағдайда індет ошағын жою жөніндегі шектеу, ұйымдастырушылық-ша­руашылық жұмыстарын, арнайы және ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Туберкулезден таза емес шаруа­шылық субъектілерінде қызмет көр­се­тетін тұлғалар жеке гигиена ере­же­лерімен таныстырылуы тиіс. Жыл сайын олар міндетті түрде флюорографиялық зерттеумен меди­циналық тексеруден өту керек. Ал, малшы мен сауыншы тұлғалардан зәр жынысы туберкулезін ерте анықтау мақсатында зәрді бакте­рио­логиялық зерттейді (тубер­кулездің мико­бактерияларына зәр себіндісін өсіру).
Меншік түріне карамастан шаруа­шылык субъектілерінің басшылары төмендегіні жүзеге асырады:
– мал шаруашылығы қызметкерлерін киіммен және аяқ киіммен, оларды сақтау бөлмелерімен қамтамасыз ете­ді. Сондай-ақ, мал қораларын қол жу­ғышпен, сабынмен, сүлгімен және алғашқы көмек жинағымен қам­тамасыз етеді;
– мал шаруашылығы және жем-шөп дайындау жұмыстарына тубер­кулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдар жіберілмейді;
– қызмет көрсететін адамдар ара­сында туберкулезбен ауыратыны анықталған жағдайда, ауру адамдар тез арада мал күтуден босатылады;
– сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында туберкулезден таза емес пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастеризациялаудан және басқа да шикі сүт өнімдеріне термикалы өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Аумақтық денсаулық сақтау органдары:
– жануарларды күтіп-бағатын жұмыс­шыларға күнделікті меди­ци­налық бақылау жүргізеді;
– халық арасында және мал шаруа­шылығы жұмысшылары арасында тұрақты негізде туберкулездің зияны мен зардаптары, онымен күресу және оның алдын-алу шаралары туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.
Меншік түріне қарамастан шаруа­шылық субъектілерінде, жеке аулаларда қызмет көрсететін ветеринариялық мамандар жануарлардың туберкулезінің алдын алу және онымен күресу шараларын жүргізуге міндетті.
Адам туберкулезінің алдын алу және оларды емдеу бойынша санитариялык эпидемияға қарсы және басқа да арнайы шараларды, сондай-ақ, осы шаралардың орындалуына бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлмелердің) және басқа да медициналық меке­ме­лердің қызметкерлері жүзеге асырады.
Ветеринариялық және медициналық ұйымдар жануарларды күтіп-бағумен байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың және жануарлардың ауру жағдайлары туралы мәліметтерді өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анық­­талған болса, адамдардың залал­дану көзі мен таралу жолдарын анық­тау мақсатында тез арада эпиде­мио­логиялық-эпизоотологиялық зерттеулер жүргізіледі. Қажет жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру анық­талған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша шаралар ұйымдастырылады.

А.Самарханова,
«Жамбыл ҒЗВС» филиалының кіші ғылыми қызметкері.

Поделиться ссылкой: