Оқу-жаттығу жиыны өтті

154 Views

Өткен жұмада тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов, Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Дархан Қалдарбек, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрболат Қадірханов және бірқатар бөлім мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Сондай-ақ, ауқымды шараға ауылдық округтерде жасақталған ерікті өрт сөндірушілер де қатысып, белсенділік танытты.

Шұғыл түрде әрекет етуге арнайы жасақталған жасақ Ақбұлақ ауылдық округінің маңында тұтанған өртпен арпалысты. Ол үшін арнайы жоспар құрылып, ең алдымен әрекет ету жоспары бөлім басшыларына түсіндірілді. Жазық даланы жел екпінімен жайлаған тілсіз жауды ауыздықтауға Ақбұлақ, Қорағаты, Абай, Луговой және Құлан ауылдық округінің еріктілері кірісіп, ақ жалынды ауыздықтауға үлес қосты.
Жоспарға сәйкес, өрт сөндіру жұмыстарына Луговой және Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары мен №10 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері ауыр техниканы жұмылдырып, тілсіз жауды сөндірді. Жоспарлы өрт сөндіру кезінде жарақат алған қызметкерлерге аудандық аурухана дәрігерлерінен құралған жедел топ мүшелері алғашқы медициналық көмекті көрсетті.
Жалпы алғанда тактикалық оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті.
Шұғыл әрекет ету жасағы бар­лық қажетті құрал-жабдық­тармен жасақталған.
Айта кету керек, аталмыш жоспарлы оқу-жаттығу алдағы дала өртін алдын алуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой: