Еркіндік қайда болса, елдік сонда…

198 Views

Әлемдік жаңалықтарды қарап отырсаң, неше түрлі жағдайларды көресің. Бір-бірімен «қырық пышақ» болып жатқан елдер бар. Небір дамыған мемлекетіңіздің өзінде де алауыздықтың оты тұтанып, демонстрациялар орын алып, түрлі жағдайлар болып жатады. Құдайға шүкір, біздің елде оның бірі де жоқ. Халыққа керегі де осы емес пе?.. Елде бейбітшілік болса ғана мемлекеттің экономикасы артып, жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші де көбейе түседі. Ол дегеніңіз – халықтың да күнкөріс деңгейі жоғарылап, «шекесі шытынаған байлыққа кенелмесе де» тұрақты өмір сүру салты қалыптасқан деген сөз. Осы тұрғыдан алғанда біздің елді мекен етіп отырған түрлі этнос өкілдерінің бағы бес елі деп айтуға толық негіз бар.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі. Осыған орай өткен сейсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде іс-шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов қатысып, этномәдени бірлестік өкілдеріне ауданымыздағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыстарын жеткізді.
Шара барысында Отан, туған жер туралы патриоттық әндер шырқалды. Шара соңында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан бірқатар азаматтар мен азаматшаларды марапаттады.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: