Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
“Нұр Отан” партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагог мәртебесі туралы» Заң қандай болуы керек» тақырыбында жиын өтті. Аудандық мәдениет
үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде дөңгелек үстел форматында өрбіген жиынға партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров, зейнеткер ұстаздар мен үздік педагогтар, мектеп директорлары қатысып, пікір алмасты.
Партияның “Ұстазым ұлағатым” акциясына байланысты «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына ұсыныстар жинақтау мақсатында бас қосқан ұстаздар қауымы «Бүгінде мұғалім мәртебесі неге төмен?», «Педагог мәртебесі туралы» Заң қандай болуы керек?» деген сұрақтарды талқылап, бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Зейнеткер ұстаздардың атынан сөз алған Әнуарбек Тұрманбетов ұстаз беделінің төмендеп бара жатқандығын мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында қатаң талаптың жоқтығымен түсіндірді. Сонымен қатар, білім саласында үздіксіз еңбек еткен ардагер ұстаздардың еңбектерін ескере отырып, үздік ұстаздарға арнайы мемлекеттік наградалар тағайындау қажет екендігін айтса, республикалық «Үздік педагог — 2013» байқауының жеңімпазы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райма Мәмбетиярова шығармашыл ұстаздарға әлеуметтік қолдау қажет екендігін баса айтты. Сондай — ақ, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Мадина Дастанова педагог кадрларды аттестаттау, үздік мұғалімдердің тәжірибесін насихаттау бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Г. ҚЫРЫҚБАЕВА,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.