Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Біз мыңдаған жылдар бойы жинақталған барлық тарихи-мәдени қазыналарды тереңдеп білуге, зерделеп-зерттеуге ұмтылған заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің егемендік алуымен өткенді пайымдауға кең жол ашылды. Соның арқасында көптеген құнды дүниелерімізді жинақтай алдық. Бір ғана «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атап өтті.
Луговой ауылдық округінің әкімі Мұрат Сванов өзінің аппарат қызметкерлерінің басын қосып, Елбасы мақаласына орай жиын өткізді. Жиында Елбасының «Қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды» деген сөзіне ой жіберіп: – Расында да өркениет жетістіктері және қазақ халқының шығу тегінің көздері нақ осы сан ғасырлы қатынас негізінде жатқаны байқалады. Еуразияның батысы мен шығысын байланыстырушы Ұлы Жібек жолында кезінде ежелгі мемлекеттердің бірігуінде шешуші рөл атқарған, бүгінде көпке танымал Тараз, Отырар, Түркістан, Сауран, Сарайшық секілді қалалардың тұруы соның дәлелі. Қалалар мен көшпелі дала Сақ, Үйсін мемлекеттік бірлестіктері, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Қарахандар, Шағатай, Моғолстан мемлекеттері және Қазақ хандығы аясында дамып, өркендеді. Демек, ықылым замандар мен бүгінгі өркениетті жалғастырып тұрған алтын желі іспеттес тарихи-мәдени мұраларымызды тереңінен зерттеп, төл тарихымызға оң көзқараспен қарасақ, Елбасы айтқандай бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным болар еді» дейді ауыл әкімі.
СУРЕТТЕ: Луговой ауылдық
округініңәкімі Мұратбек Сванов
аппарат қызметкерлеріне
Елбасы мақаласының мәні мен
мазмұнын түсіндіру үстінде.