АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
Мамыр айының 12-сі күні әріптесіміз, яғни «Құлан таңы» газетінің қызметкері Қошалиев Нуридин Алтынбекұлы 40 жасқа толады.
Нуридин Қошалиев отбасында қамқор әке. Ағайын-туыс, дос-жаран мен ұжымға да сыйлы азамат. Сүйікті жарының әркез қолдаушысы, ұлдарының үлгі тұтар қорғаушысы.
Әріптесіміз «Құлан таңы» газетіне жұмысқа орналасқалы бері өзін жан-жақты қырынан көрсетіп, кез келген бастамашылық істерде кішілігін, қарапайымдылығын, сыйластығын ұқтырып, ұжым мүшелерімен «әй деспей, шәй деспей» қызмет етіп келеді.
Хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген өсиетті сөздерін ол өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған. Осындай ата-баба тағылымын үлгі етіп, отбасындағы балаларын да тәрбиелеуде. Әріптесімізді мерейлі 40 жасқа толуымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.
40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Нуридин құтты болсын 40 жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Құттықтаушылар: «Құлан таңы» газетінің ұжымы.