Ұлы жеңіс – ұлы рухтың жеңісі

79 Views

Биыл Ұлы Жеңіске – 79 жыл толды. Біз ол жөнінде газетіміздің өткен санында арнайы бет арнап, материал да әзірлеген едік. Еске салудың еш әбестігі бола қоймас, өйткені бұл деректі жастар білу керек. Жалпы газет оқуды ғана емес, кітап оқуды да «шетке ысырып қойған» жастарымыз біле жүрсін деген ниетпен бұл деректі тағы да жазып отырмыз. Дерек пен дәйек
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 200 мың сарбаз аттанған екен. Соның ішінде 70 мыңнан астам жауынгер Жамбыл облысының перзенттері. Ал ауданымыздан 6235 сарбаз майдан даласына аттанып, оның 3017-сі туған жерге аман-есен оралған.9 мамыр – Жеңіс күніне орай аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлері аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағына барып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий