Қарақыстақ ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлердің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламалары

60 Views

Өмірбаяны
Раймбаев Ғазиз Қуанышбекұлы 1990 жылдың 29 шілдесінде Луговой ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы Т.Рысқұлов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып бастаған. 2013 жылдары Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша, 2014-2017 жылдары Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2017-2019 жылдары Луговой ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, 2019-2021 жылдары Т.Рысқұлов аудан әкімінің бас инспекторы, 2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы, 2022-2024 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы болып қызмет атқарған. 2024 жылдан бастап, Құмарық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. 1 ұл, 2 қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауылдық округ аумағындағы әкім құзыретіне кіретін жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, жергілікті жердегі әлеуметтік экономикалық даму мен саяси тұрақтылық сақталуына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында өз білімім мен тәжірибемді жұмсаймын. Өскелең ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін жастарды қолдау, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру жолында жұмыс атқаратын боламын.
Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын іске асыруға көңіл бөлемін. Ауыл ақсақалдарынан және ауылдың белсенді азаматтары мен ауыл активінен құрылған қоғамдық кеңес арқылы ауылдың тәртібін қадағалап, салауатты өмір салтын ұсынып, қиын мәселелерді бірігіп, ақылдасып шешуді ұйымдастырамын. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, саябақтарды көгалдандыру мен абаттандыру бағытында жұмыс жасаймын. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, олардың осы бағдарламалардан өз сыбағаларын алуға жұмыстар атқарамын. Жастар – ел болашағы. Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек. Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Жастардың білім, тұрғын үй, жұмыска орналасу тәрізді өзекті мәселесін шешуге қауқарлы жастар саясатын жүзеге асыру. Бұқаралық спортты тұрғындар арасында насихаттай отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш салып, алдағы уақытта заманауи дене шынықтыру сауықтыру кешенін салуға тырысамын. Ауыл жастарының көкейкесті мәселелерін оңтайлы шешіп, жастарды ауылдық жерде тұрақтандырып, Қазақстан Республикасының белсенді патриотын тәрбиелеу үшін, ел болашағы жастармен жұмысты кешенді түрде жүргіземін және жастардың теріс діни ағымдардың ықпалынан, жат қылықтардан аулақ болуына бағыт-бағдар беруді басты назарда ұстаймын.
Құрметті сайлаушылар!
Осы айтылған мәселелердің барлығы ұдайы менің назарымда болады. Мен әрдайым көпшілікпен біргемін! 2 маусымда өзіңіздің сайлау учаскеңізге келіп, таңдауыңызды жасаңыз!

Поделиться ссылкой: