БІЗДІ ДОСТЫҚ ПЕН ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАС БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

1 203 Views

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екеумізді талайдан келе жатқан достық пен бір-бірімізге деген шынайы ықылас байланыстырады. Әркезде де оның жоғары біліктілігін, ақылдылығын, өмірлік күш-қайратын, туған елі мен халқының мүдделеріне қалтқысыз берілгендігін қатты сыйлаймын.

Стратегиялық ойлау қабілеттілігі, шетелдік әріптестермен сауатты қарым-қатынасты құра білуі, әлемдік деңгейде

 Қазақстанның ұстанымын жүйелі түрде қорғауы Президент Назарбаевты әр уақытта да ерекшелендіріп, оны осы заманғы алдыңғы қатардағы саясаткер мен мемлекет қайраткерлерінің бірі деген лайықты мәртебемен қамтамасыз етіп отырады. Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі интеграциялык процестердің табанды жақтаушысы болып келеді. Кедендік одақ құрудағы және жалпы алғанда ТМД кеңістігіндегі өзара ықпалдастықты нығайтудағы оның рөлі баға бергісіз. Ол – ШЫҰ, ЕҚЫҰ, басқа да халықаралык ұйымдарда үлкен абыройға ие. Оның беделі мен сөзіне қай кезде де сенім артуға болады.

Нұрсұлтан Әбішұлының алдында келешекте туған Қазақстанының азаматтарының игілігі жолында әлі талай асулардың күтіп тұрғанына сенімдімін.

“Мәңгілік достық стратегиясы” кітабынан алынды.

Поделиться ссылкой: