Серік ағамыз — жүлдегер

122 Views

Биыл Жамбыл облысының құрылғанына – 85 жыл. Осыған орай, аймақта көптеген спорттық шаралар өткізілуде. Соның бірі ретінде жақында ғана Тараз қаласында өткен ардагерлер арасындағы облыстық спартакиаданы айтсақ болады.

Тараз шаһарында өткен осы облыстық спартакиадаға аудан намысын қорғап Құлан ауылының тұрғыны, зейнеткер Серік Райымқұлов ағамызда қатысты. Серік ағамыз 64 жаста. Өзі бала күнінен шахмат ойнағанды жақсы көреді. Осындай жарыстарда ол әрдайым аудан атынан сынға түсіп, ылғи да жүлдегер болып жүр.
Серік Райымқұлов бәзбіреулер секілді мақтанып сөйлемейді. Ол өйткені құр сөздің адамы емес. Айтқан сөзін екі етпейтін, өзінен кейінгі кіші толқынға өнегелі сөзімен, парасаттылығымен үлгі болып жүрген адал азамат.
Жақында жас шахматшы Айару Каипованың әкесі әрі жаттықтырушысы Ниязбек Еділұлы жақсы жаңалық айтты. Тараз қаласында ардагерлер арасында өткен облыстық спартакиадада Серік Райымқұлов ағамыз жүлделі 3 орынға ие болыпты. Біздің газет әрдайым жағымды жаңалықты жазуға әзір. Сондықтан жастарға қайдағы жоқ бәйәдеп сөзімен емес, осындай көзге көрінетін айтулы істерімен үлгі болатын аға буын өкілдерінің адами болмысы газет бетінде жарық көруге тиіс деп ойлаймын.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: