Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылдың
І жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы газетіміздің электронды поштасына мәліметтер келіп түскен болатын. Газетіміздің хат қоржынына келіп түскен осы материалды дер кезінде көпшілік назарына ұсынуды жөн деп таптық. 2024 жылдың І жартысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы өзінің жұмысын бекітілген жұмыс жоспары негізінде атқаруда.
Бүгінгі күнге аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 9 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында сайлау комиссияларының жұмысында туындаған мәселелер қаралды. Атап айтқанда, комиссия мүшелерін оқыту, сайлау учаскелерін жарақтандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау.
Соңғы 5 жылда сайлау жүйесі едәуір қалыптасты. Қазіргі таңда аудандық сайлау комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшысы өзінің жұмысын тұрақты, кәсіби деңгейде атқаруда. Жұмыс тек сайлау науқанында емес, сайлау аралығында да атқарылып жатыр. Комиссия мүшелері сайлаушылармен, учаскелік, округтік сайлау комиссия мүшелерімен тұрақты негізде кездесуде. Ақпан айының бірінші бейсенбісінде, яғни 1 ақпан күні «Дүниежүзілік сайлау күнін» атап өту мақсатында Луговой ауылы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде, Құлан ауыл шаруашылық жоғары колледжінде, аудандық мәдениет үйінде жас сайлаушылармен кездесу өткізілді.
1. Сайлау комиссияларының сапалық құрамы; (АСК, ОСК, УСК)
Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №15-9 шешімімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы 7 саяси партиялардың ұсынысымен, ал, №15-10 шешімімен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы 7 саяси партия мен 2 қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы негізінде қалыптастырылды. Аудан бойынша 35 сайлау учаскелері, оның ішінде: 7 сайлау учаскелері Құлан ауылында, 28 сайлау учаскелері ауылдық округтерде орналасқан. Сайлау учаскелерінің 25-сі мектептерде, 1-еуі колледжде, 8-і мәдениет үйінде, 1-еуі ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №24-б шешімімен Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі №17 округтік сайлау комиссиясының құрамы және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 39-2 шешімімен Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі 14 округтік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылды.
Сайлау комиссияларының құрамы – 308, оның ішінде аудандық сайлау комиссиясы – 7, учаскелік сайлау комиссиялары – 221, округтік сайлау комиссиялары – 80 комиссия мүшелерінен тұрады.
Сапалық құрамы төмендегідей:
Барлық комиссия мүшелерінің 148-і ер (48,05%), 160-ы әйел (51,95%).
Ұлты бойынша: қазақ – 306, татар – 1, башқұрт – 1.
2. Құқық және заң бұзушылықты болдырмау мақсатында комиссия мүшелерін оқыту.
Комиссия мүшелерін оқыту бойынша арнайы жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Оқыту 2024 жылғы 26 сәуірде сайлауға дайындық және әзірлеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік сайлау комиссияларының құрамына жаңадан сайланған комиссия мүшелерінің қатысуымен 8 сағаттық семинар ұйымдастырылып, тиісті сертификаттар табысталды. Облыстық сайлау комиссияның мүшелері бірнеше тақырып бойынша оқытуды жүргізді.
Бұл жөнінде Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетіне және Т.Рысқұлов ауданы әкімінің ресми сайтындағы Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының парақшасына жарияланды.
Облыстық сайлау комиссияларының қатысуымен Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтерінде сайлау науқаны кезінде 11 сайлау учаскесінің 71 мүшелерімен көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
3. 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы, Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 24 сәуірдегі №4 шешімімен Құлан және Қарақыстақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 2 маусымда өтті. Жалпы 14413 сайлаушының 4065 сайлауға қатысып, 28,2% құрады.
Құлан ауылдық округі бойынша
3 азамат кандидат болып тіркелді (Б.Жапар, Е.Сейтжапаров, К.Ускенбаев).
Қарақыстақ ауылдық округі бойынша
3 азамат кандидат болып тіркелді (Б.Жамбаев, С.Далибаев, Г.Раимбаев).
Сайлауды әзірлеу мен өткізу жұмыстары Конституциялық заң талаптарына және күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілді.
Сайлауға – 1 аумақтық, 11 учаскелік, сайлау комиссияларының жалпы саны – 78 комиссия мүшесі қатысты.
Сайлау нәтижесі бойынша әкім болып: Құлан ауылдық округіне – Е.Сейтжапаров, Қарақыстақ ауылдық округіне – С.Далибаев сайланды.
Манарбек Тлепов,
Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.