Кезекті АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

86 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округтің әкімдері қатысты.

Кеңес күн тәртібінде аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Тиісті бөлім басшыларының баяндамасына қатысты Ернар Серікәліұлы салалар бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында егістік алқаптары мен көлік инфрақұрылымдары бойына жер жырту шараларын іске асыру және бірқатар ауылдардағы ауыз су мәселелерін пысықтап, нақты шаралар атқару қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, аудандағы құрылыс нысандарының сапалы әрі уақтылы орындалуын бақылауда ұстап, назардан тыс қалдырмау қажеттігі тапсырылды.

АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой: