Жолың болсын, жас түлек!

137 Views

Кеше Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде өткен 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектеріне «Алтын белгі» төсбелгісін тапсыру рәсімінің тақырыбы дәл осылай аталды. Дөңгелек үстел форматында өрбіген салтанатты жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов арнайы қатысып, жас түлектерге ізгі лебізін арнады. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өз сөзінде:
– Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпақтың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына бар жағдай жасау қажеттігін ұдайы айтып жүр. Осында отырған барлығымыз ұстаз тағылымын алдық. Сіздерде аға буын өкілдері салған сүрлеу жолды ұтымды жалғастырып, ел мүддесі жолында бар күш-жігерлеріңізді сарқа жұмсап, еңбек етеді деген сенімдеміз.

Осы орайда, сіздердің биік мақсаттарға жетуге деген талаптарыңыз бен табандылықтарыңызды ерекше басымдық беріп айтқым келеді. Мектеп қабырғасында белсенді болып, өздеріңізден кейінгі оқушыларға үлгі бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге білім жолында үнемі ізденіс пен талпыныс, табыс пен сәттілік тілеймін, – деді.
Айта кетейік, биыл ауданымыздағы 25 білім беру ұйымдарынан 759 түлек оқу жылын сәтті аяқтап отыр. Осы 759 түлектің ішінде 23 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие. Олар: Айнұр Алтынбек, Назым Жақсылық, Азамат Серік, Аружан Рақыманалы, Сымбат Бердіханқызы, Аяна Төлеген (6-уы да Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің түлектері), Жанкелді Байкей, Айша Бахтияр (2-еуі де Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің түлектері), Елнара Тұрғынбай (Абай атындағы орта мектептің түлегі), Қымбат Қырқынбай (Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің түлегі), Жансерік Мұрат, Сымбат Төке (2-еуі де Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің түлектері), Дильназ Аушыбай, Аружан Жалтырбай, Зере Нұржан, Айкерім Расылхан (4-еуі де Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің түлектері), Арай Мәнісбек (Болтай батыр атындағы орта мектептің түлегі), Жұлдызай Оңалбай (Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің түлегі), Ақниет Қадырбек (Айтқұл Шынасілов атындағы орта мектептің түлегі), Назым Әмірбек (№4 шағын орталықты орта мектебінің түлегі), Махфуза Жайлыш, Ардақ Әміреқұл, Анель Асқар (3-еуі де Жамбыл атындағы орта мектептің түлектері). Аудан әкімі Ернар Есіркепов салтанатты жиын барысында аты аталған жас түлектердің барлығына да «Алтын белгі» төсбелгісі мен кәдесыйлар табыс етті. Одан кейін ата-аналар да сөз сөйлеп, өз ілтипаттарын білдірді. Анығын айтсақ, №4 шағын орталықты орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі және ата-ана Дана Абильдаева жүрекжарды лебізін білдіріп, жалпы ұстаздар қауымына, аудан әкімі Ернар Есіркеповке дән ризашылығын білдірді. Содан соң Назым Жақсылық, Махфуза Жайлыш, Азамат Серік секілді оқуда озат атанған жас түлектер өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді. Жиын соңында мектеп бітіруші жас түлектер аудан әкімі Ернар Есіркеповпен естелік суретке түсті.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: