Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жаз мезгілі келісімен судағы қауіпсіздік шаралары күшейтіле түседі. Себебі, суға шомылу кезінде де түрлі жағдайлар орын алып жатады. Осыларды ескере отырып, аудан тұрғындарының назарына судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өткенді жөн санадық.
– тек рұқсат етілген жерлерде ғана суға шомылыңыздар;
– бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға сүңгімеңіз;
– суға мас күйінде кірмеңіз;
– суда шомылушыларды батырумен байланысты ойындарға жол бермеңіз;
– қатты ағысы бар тік жағалауларды, батпақты және өсімдіктер басқан жерлерде шомылмаңыз;
– күшті ағыспен күреспеңіз;
– оны жағаға жақындау үшін пайдаланыңыз.
– ешқашан су иірімдеріне жақын жүзіп бармаңыз;
– тоңып қалмаңыз және күн өтіп кетпесін.
– егер су температурасы +18 градустан төмен болса, шомылмаңыз;
– жүзу үшін тақтайларды, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз;
– үрмелі матраспен немесе камерамен жағадан алыс жүзбеңіз;
– балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға жол бермеңіз;
– шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Ауданда суға шомылуға тыйым салынған орындар бар екенін еске сала кетейік:
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты «Белогорка» су қоймасы;
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты «Комсомольская» су қоймасы;
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты «Разъезд – 98» су қоймасы;
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты «Бәйтелі» су қоймасы;
Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты «Қарақыстақ» өзені;
Қорағаты ауылдық округіне қарасты «Шілік» су қоймасы;
Қорағаты ауылдық округіне қарасты «Аққайнар» су қоймасы.
Және де аудан аумағында орналасқан басқа да рұқсат етілмеген орындарда сіздің немесе кәмелет жасына толмаған балаңыздың қараусыз суға түскені анықталса, онда ҚР ӘҚБтК 412-бабына сәйкес айыппұл салынады.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.