Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Өткен жұмада аудан әкімі
Ернар Есіркеповтің төрағалығымен және аудан прокуроры Болат Қалыбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол ӘбутӘліповтің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңеске мектеп директорлары мен аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Свановтың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстары және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы лауазымын уақытша міндетін атқарушы Назира Алтауованың аудандағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылардың атқарған іс-шараларына қатысты кеңес төрағалары бірқатар алдағы міндет-межелерді айқындап, хаттамалық тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде, мектеп аулаларындағы дәретханаларды толықтай жауып, ғимараттардағы санитарлық тораптарды ретке келтіру. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралардың ұйымдастырылуын жаңғырту және жасөспірімдердің жалғыз жолды көлік (мопед) айдауына қолданыстағы Заң шеңберінде тосқауыл қою қажеттігі тапсырылды. Кеңес қорытындысында адамның ақыл-есін тұмандандыратын жабайы өсетін қарасораны құрту бойынша іс-шараларда талқыланып, жоспарлар мен міндеттер сараланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.