Тұрғындардың өтініш-тілектері ескерілуі қажет

83 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Сванов баяндама жасап, бұл саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға және алдағы уақытта іске асатын бірқатар жоспарларға тоқталды. Оның ішінде мекемеге қарасты 10 білім беру ошақтарына жүргізілуі қажет күрделі жөндеу жұмыстары мен мектеп аумақтарындағы сыртқы дәретханаларды сүру, жылыту маусымына дайындық мәселелерін атап өту қажет.
Баяндамашыға аудан әкімі Ернар Есіркепов күрделі жөндеу жұмыстарына қойылған мектептерді анықтауда ғимараттың тозу деңгейін ескеріп, нақты қажеттілік бойынша бағалауды және асханасы жоқ мектептерге асхана салуды, «Жомарт түлектерді» мектепке демеушілік танытуда неғұрлым қажетті шараларға тартуды ескеру қажеттігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, яғни 2023 жылы аудан әкімінің халықпен кездесулерде тиісті бөлімдерге жүктелген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Жансұлтан Қалиев баяндады. Өткен жылы Президент Жарлығына сәйкес, барлығы 60 кездесу өткізіліп, 220 тапсырма жүктелген. Олардың 181-і орындалып, 6 тапсырма бақылауда болса, 33 тапсырма орындалу барысында болып табылады.
Бұл мәселеге де аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындардың өтініш-тілектері әрқашан ескеріліп, берілген тапсырма межелеген уақытта іске асырылуы қажеттігін ескертті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: