Ерекше балалар да бақытты болуға лайықты

177 Views

«Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің ашылғанына 2 жылдың жүзі болды. Осы аралықта Аденов Марлен Тұрғынбекұлы басқаратын аталмыш орталықтың қызметкерлері ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жүйелі жұмыс атқарып келеді. Оған көптеген мысалдар кел­ті­руге болады. Мәселен, жақында «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің тәрбиеленушісі Рамазан Асхат елор­дасы Астана қаласында өткен «Children Paralympik Games – 2024» инклюзивті спорт фестиваліне қатысып, Бочча спортынан жүлделі I орынды жеңіп алды. Бұл біздің орталық қызметкерлерінің ерекше білімді қажет ететін балаларға дұрыс тәрбие беріп, олармен жақсы жұмыс жүргізгендігінің айғағы десек те артық айтқандығымыз емес.
Мен өзім Тараз қаласында да ерекше білімді қажет ететін балалар тәрбие­ленетін мекемеде жұмыс атқар­ғанмын. Ерекше білімді қажет ететін балалардың бойында өзгеше дарындылық болады. Тек соны тап басып, олармен дұрыс қарым-қатынаста жұмыс істесең бол­ғаны. Өйткені ерекше білімді қажет ететін балаларда бақытты болуға лайық­ты.
«Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің тәрбиеленушісі Рамазан Асхат су­рет­ті де жақсы салады. Өзі алғыр тәрбие­ленуші. Осы алғырлығының арқасында ол Астана қаласында өткен «Children Paralympik Games – 2024» инклюзивті спорт фестивалінде өзін жақсы қыры­нан көрсетіп, Бочча спортынан жүл­делі I орын иеленіп отыр. Біз өз тәрбие­лену­шімізді айтулы жетістігімен құттық­таймыз. Рамазанның бағындырар белестері көп болсын.

Мадина Әбдіғұлова,
«Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің тәрбиешісі.

Поделиться ссылкой: