Поэзия падишасы

93 Views

Ақын Фариза Оңғарсынова – көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген. 

Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол іспетті. Ол 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында өмірге келген.
Шығармашылықпен айналысып қана қоймай, 1996-2004 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты болған. Парламент мінберінде тіл тағдыры туралы толғана сөйлеген сөздері әлеуметтік желілерде бар. Оның адами болмысын біз секілді жастар ұмытпауы керек.
Фариза Оңғарсынованың «Сандуғаш» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1966 жылы жарық көрген. Бұдан кейін 1969 жылы «Маңғыстау маржандары», 1972 жылы «Мазасыз шақ», 1973 жылы «Асау толқын», 1983 жылы «Сұхбат», 1985 жылы «Дауа» атты кітаптары жарық көреді. Бүгінде ақынның артында талай ұрпаққа сый болып өшпес мұра қалды.
Ақынның 85 жылдығына орай, қазіргі таңда республиканың әр өңірінде ісшаралар ұйымдастырылуда.
Қазақтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынованың шығармалары Тәуелсіз Қазақстанның мәңгілік мұрасы болып қала бермек.

Асем Тастанбек,
М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті Web-журналистика мамандығының 3 курс студенті.

Поделиться ссылкой: