Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкеловтің «Медиакоммуникациялық алаңның сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы рөлі» тақырыбында бақ өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзі
Құрметті кездесуге қатысушылар, елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында мемлекеттік институттардың мәртебесі мен рөлі едәуір артты. Оның айғағы, елімізде Конституциялык сот жұмыс істей бастады.
Президенттің құзырына кіретін бірқатар мәселелер алынып, Парламентке беріліп және Үкіметтің атқарған жұмысының есебін тыңдауға Парламенттің құзреті кеңейтілді.
Аралас сайлау жүйесі он жеті жылдан кейін қайта енгізілді және сайлау бюлетніне «Бәріне де қарсымын» деген графа енгізіліп, сайлау жүйесі жетілдірілді, саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді.
Нәтижиесінде өткен жылы наурыз айында өткен Мәжіліс және барлық денгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында алты партияның өкілдері депутаттық мандатқа ие болды.
Елімізде 2021 жылдан бастап ауыл әкімдері тікелей сайланатын болды.
Өткен жылы пилоттық режимде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы тікелей сайлаушылардың қатысуымен өтті.
Келесі жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы тұрақты түрде өтетін болады
Бұл – саяси шешім елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруда және жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамыуына ықпал етері сөзсіз.
Бүгінде елімізде саяси, экономикалық және басқа салаларда жүргізіліп жатқан оң өзгерістермен кейбір проблемаларды сіздер көпшіліктің назарына жеткізе отырып, қоғамның талқысына ұсынудасыздар.
Сондықтан алдымызда келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында өздеріңізбен еркін форматта кездесіп, сайлау саласындағы ортақ істерімізді саралап, жүйелеп алу мақсатында сіздермен осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз.
Өйткені бірлесіп қызмет көрсететін ортамыз бір, барлық сайлаушылар белсенді дауыс беру құқығына ие азаматтар, өзіміздің өңірдің тұрғындары. Газет-журнал, теле-радио арнасының көрермен тыңдаушылары, әлеуметтік желінің пайдаланушылары біздің қызметіміздің тұтынушылар болып табылады.
Басты мақсат – өңірде өткізіліп жатқан сайлаудың саяси мәнін және сайлау науқандарының ресми ақпаратын бұқараға объективті тиімді етіп жеткізе отырып, сайлау туралы қоғамда оң пікір қалыптастырып, сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыру.
Жалпы дүниежүзілік сайлау жүйесінің негізгі қағидаты азаматтардың демократиялық жолмен дауыс беру арқылы билікке қол жетімділігі. Қазіргі таңда сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігі бүкіл дүние жүзінде байқалуда.
Мысалы, АҚШ мемлекетінің «Фридом Хоус» үкіметтік емес ұйымының ресми есебіне сүйенсек, биылғы жылдың өзінде әлемдегі
4,2 миллиард тұрғынды қамтитын 76 мемлекетте демократиялық сайлаулар өтеді деп күтілуде. Оның 10-ы алпауыт мемлекеттер — АҚШ, Индия, Индонезия, Пәкістан, Бразилия, Бангладеш, Ресей және Мексика елдерінде.Жалпы, сайлаушылардың дауыс беру күнгі белсенділіктері – олардың демократиялық таңдау жасаудағы алғашқы қадамдары. Өз кезегінде, әр мемлекеттің сайлау жүйесінде геосаяси тұрғыда ерекшеліктер бар. Мәселен, Әзірбайжан мемлекетінде өткен Президент сайлауына халықаралық байқаушы ретінде мен қатысып қайттым. Әзірбайжанда Президент сайлауы кезектілігі бойынша 9-шы рет өткізілсе, кезектен тыс 2-ші рет өткізіліп отыр.
Бұл мемлекетте сайлау күні – сәрсенбі және бұл күн демалыс күні болып белгіленген.
Жалпы, дауыс беруге 82,09 пайыз сайлаушы қатысқан.
Ал, Ресей Федерациясында Президент сайлауында дауыс беру мерзімі 3 күндік марафонға ұласқан және сайлаушыларды ақпараттандыру мен сайлауға қатысуға шақыру шаралары белсенді форматқа көшкен.
Сондай-ақ, ақпараттық технологиялардың даму серпіні ерекше көзге түседі. Онда орталық теле-радио кешендері мен әлеуметтік желілер арқылы жүйелі жұмыстар атқарылған.
Нәтижесінде сайлауға қатысушылар пайызы 77,49 пайызды құраған. Ресейдің ресми ақпараттарына сүйенсек, бұл сегізінші Президент сайлауында рекордтық сайлауға қатысушылар пайызы қамтамасыз етілген.
Біздің мемлекетімізде 2022 жылы өткен Президент сайлауында қатысқан сайлаушылар пайызы 69,44 пайызды құраған болатын.
Ал мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде сайлаушылардың белсенділігі 65,21 пайызды құрады.
Ал биылғы жылы өткен ауыл әкімдерінің сайлауына сайлаушылардың қатысуы 52 пайызды құрады.
Аталған статистикаға қарасақ, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі төмендегенін байқаймыз. Еріксіз «Неге?» – деген сұрақ туындайды.
Жоғарыда атап өткенімдей, республикалық деңгейде өтетін сайлауларда сайлаушылар белсенділігі жоғары болу себебі – Республикадағы барлық саяси күштер бірігіп жұмыс жасайды.
Ал, жергілікті жерде өкізілетін сайлауларда сайлаушылардың белсенділігінің төмендеуінің бірден-бір себебі, кандидат ұсынған саяси партиялардың, кандидаттардың өздерінің және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен (жеке кездесулер өткізу жолдары төмен) үгіт-насихат жұмыстарының бәсең жүргізгендігінен және сайлаушылармен жұмыс барысында медиакоммуникациялық алаңның жаңа форматтарын (онлайн-платформалар) тиімді пайдалана алмауында болып отыр.
Сол сияқты саяси партиялардың заңмен айқындалған өкілеттіктерін пайдалануда тәжірибелерінің жетіспеушілігі байқалады. Ал, сайлау процесі кезінде, жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болғанымен, ашығын айтсақ, бұл бағытта атқарылатын жұмыстардың пәрменділігі төмен.
Осыған орай, үстіміздегі жылдың мамыр айының 23-ші жұлдызында Облыстық сайлау комиссиясымен жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласын басқаратын аудан, қала әкімдерінің орынбасарларымен бөлім басшыларына, облыстағы барлық саяси партиялар филиалдарының басшыларына, аудандардағы өкілдеріне арналған семинар кеңес ұйымдастырылды.
Кеңес барысында сайлау процесін даярлау мен өткізу кезіндегі саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының нәтижелігі қаралды.
Сайлау процесі кезінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, бәсекелестік призмасы арқылы сайлаудың қоғамдағы саяси орнымен заңдылығын көрсету мәселесі талқыланды.
Еліміздегі саяси партиялар өздері туралы заңға сәйкес, өздеріне берілген өкілеттікті сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында қаншалықты тиімді атқарып отырғандығы сарапталды.
Сол сияқты барлық денгейдегі сайлау комиссияларының сайлау процесіне қатысушы өкілетті мемлекеттік органдармен қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстары сараланды. Бір сөзбен айтқанда, бұл кездесуде мемлекеттік органдармен қоғам арасында сапалы диалог орнату мәселелері қаралып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нәтижесінде сайлау жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы халыққа жылдам, бейтарап және толық ақпаратты жеткізе отырып, өңірімізде сайлау туралы оң пікір қалыптастырып, сайлаушылардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде АСК кандидаттыққа үміткер азаматтарға және кандидаттарға сайлау процесі кезінде олардың жұмыстарын заң талаптарына сәйкес, ұйымдастыру үшін консультациялар беріп, методикалық көмектер көрсетуде.
Осы бағытта 8-29 сәуір аралығында облыс бойынша барлық аудандар мен Тараз қаласындағы жаңадан сайланған сайлау комиссиялары мүшелерімен оқыту-семинарлары өтті.
Біз сайлау процесі кезінде әлеуметтік желілерді пайдалануда сайлаушыларды ақпараттандыру, желіге арналған қысқа да түсінікті ақпаратты даярлауда сайлау комиссияларының мүшелерінің және сайлау процесін даярлауға қатысушы тараптардың медиа сауаттылығының жетіспейтіндігін мойындауымыз керек.
Сондықтан олардың сандық технологияларды меңгеруге бағытталған білімдерін көтеру мақсатында нақты жұмыстар жасауымыз керек. Осы тұрғыда дүние жүзінде жылдам дамып кележатқан медиа-ланшафтында сіздермен тәжірбие алмасу, алдағы тұрған мәселелерді бірге еңсеру біз үшін өте қажет.
Себебі БАҚ-ның орнын медиакоммуникация басуда. Оның ерекшелігі бұрын БАҚ арқылы ақпарат жоғарыдан төмен қарай тараса, қазір ол төменнен жоғары қарай тарайды.БАҚ пен медиа кеңістігіне ақпаратты жеткізу, тарату үдерісінде, талдамалық үндеуде, сын айтуда, даулы жағдайда жедел әрекет етудің аса маңызды екенін ескере отырып, сіздермен жұмысты ұйымдастыру жолдарын қарастыруымыз қажет.
Жалпы, ақпаратты теріс түсіндіру – өте қауіпті іс. Мысалы, сайлау туралы заңды бұзушылықа жол берілген жағдайда арнайы берілген ақпартқа кері пікірлер қалыптастыруға әуес жандар жоқ емес. Бұндай фактілер бізде Мәжіліс және мәслихат сайлауын даярлап өткізу кезінде орын алды. Сондықтан біздер ақпарат саласында сіздермен бірлесіп, сайлаудың ашықтығымен тазалығын қамтамасыз ету, түрлі жалған ақпаратпен фейк ақпаратпен бірлесіп күресу бағытында жұмыс жүргізуіміз керек. Ол үшін сіздермен біздің алдымызда сайлау тақырыбына арнайы контенттер жасау, телеарналар тек теледидарда ғана емес, әлеуметтік желілердің барлық цифрлық желісін пайдаланатын конвергентті журналистиканы, сол сияқты интернет-теледидарды дамыта отырып, ол арқылы мемлекеттік саясаттың месседждерін жеткізіп, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері тұр.
Мемлекет пен қоғамның арасында «алтын көпір» болып жүрген журналистермен медиа саласының қызметкерлерінің еңбегі орасан зор.Сіздердің еңбек етіп жүрген масс-медиа саласын жүйелі түрде жетілдіру мақсатында елімізде «Масс-медиа» туралы жаңа Заң қабылданды.
Заңның ерекшелігі БАҚ-мен қатар интернет-ресурстарды да қамтитын «Масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді. Онда Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді.
Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет, медиа және қоғам арасындағы келісім «Әділетті Қазақстанның» берік ірге тасына айналуы керектігін алға тартып отыр.
Сіздерге осындай ортақ мүдденің биігінен көріне беріңіздер дегім келеді.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, кәсіби өсім, сәттілік және шексіз ынта тілейміз.