терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

73 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Аталмыш жиналысқа аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары қатысты.

Отырыста кәмелетке толмаған балалар арасында радикалды діни идеологияның таралуының алдын алу бойынша ұсыныстар ортаға салынды. Комиссияда бұл бағыттағы тиісті бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс бірқатар шаралар сараланды.
Жиында айтылған пікір-ұсыныстар бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырма берілді.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: