Луговой ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Ғабит қабылҰлы Абдуалиевтің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

112 Views

өмірбаяны
Абдуалиев Ғабит Қабылұлы 1988 жылдың 14 қарашасында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2013 жылы Т.Рыс­құлов ауданы әкімдігінің «Халықты жұ­мыспен қамту орталығында» маман болып бастаған. 2018-2023 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталы­ғының» сектор меңгерушісі болып қыз­мет атқарған. 2023 жылдың 1 шіл­десінен бастап Т.Рысқұлов аудан­дық «Мансап» орталығы филиалының жұмыс берушілермен, ізденушілермен және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келеді. Отбасылы. 4 баласы бар.
Сайлауалды
бағдарламасы
Мен, Абдуалиев Ғабит Қабылұлы Луговой ауылдық округке қарасты елді мекендерде Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің саясатын, жар­ғысын насихаттауға, түсіндіруге бар күшімді әрі жинаған тәжірибемді, білі­мім­ді жұмсаймын. Қазақстан Респуб­ликасының ата заңы және Қазақстан Республикасының Прези­денті мен Үкі­метінің, облыс, ау­дан әкімдерінің қау­лыларын, ҚР нормативтік заңдарының сақталуын және орындалуын қамта­масыз етемін.
Менің сайлауалды бағдарламам­ның негізгі  бағыттары:
Луговой ауылдық округі әкімінің құзіретін пайдалана отырып, округ тұрғындарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқару. Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, Жергілікті қауымдастық, Ардагерлер кеңесі, Отбасы және әйелдер ісі кеңесі, Жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмы­сын дамыта отырып, мем­лекеттік бас­қарудан халықтық басқаруға қол жеткізу. Жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы ауылдағы ахуалға ауыл тұрғындарының ықпалын арттыруға қол жеткізу. Сон­дай-ақ, төменгі пайызды несиелер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытамын. Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалаймын. Аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүге­дек­тердің тұрмыс жағдайларын тұрақ­ты түрде назарда ұстаймын. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру. Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақ­ты түрде жүргізетін боламын.
Маған сеніңіздер. Сайлауға келіп, таңдауларыңызды жасаңыздар.

Поделиться ссылкой: