157 Views
Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік дамудың алғышартына айналды. Осы орайда қоғамның жаңарып дамуына ықпал ететін бірден-бір күш – журналистика болып қала
береді.
Осыған орай өткен жұмада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Рүстем Қуанышбекұлы, «Құлан таңы» газетін басқарған редакторлар Жаманбаев Тұрсынхан Есімқұлұлы, Өмірзақов Мұратбек Тоқсанбайұлы, ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, қаламы қарымды қаламгер Қожеке Сейсенбай Шәмінұлы және Әлпейісов Бейсенбек Әшімәліұлы, сондай-ақ «Құлан медиа» ақпараттық орталығының ұжымы қатысты. Шарада аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Жиында жоғары кәсіби шеберлігі үшін медиа қызметкерлеріне және аудандық журналистиканы дамытуға айрықша үлес қосқан тілшілерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: