Аудан әкімі көгершіндіктермен кездесу өткізді

112 Views

Дүйсенбі күні
Көгершін ауылында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің жұмыскерлері алдындағы жалақы қарызына қатысты кеңес өтті.

Кеңеске аудан әкімі Ернар Есіркепов және арнайы шақырылған облыстық еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Нұркен Сейдалиев, аудан прокуроры Болатхан Тоғанбайұлы, сонымен қатар жұмыс берушілер мен жұмыскерлер қатысты. Кеңес барысында бұл бағыттағы бірқатар мәселелер көтеріліп, шешу тетіктері қарастырылды. Атап айтқанда, аталған кәсіпорын бүгінде қарамағындағы қызметкерлерге жалақы қарыздарын алдағы екі айда толық өтейтіндіктерін алға тартып, кеңес қатысушыларына өз уәделерін жеткізді. Осыған орай, бұл келісімнің толықтай жүзеге асыруын қадағалау құзырлы органдар тарапын тұрақты бақылауға алынатындығы атап өтілді.
Бұдан бөлек Ернар Есіркеповтің жұмыс сапары аталған ауылдағы спорт кешені мен Ақтоған орта мектебінің жай-күйін зерделеуге арналып, аудан басшысы мекеме басшыларына нысандарды дамыту аясында нақты шараларды іске асыру қажеттігін жеткізді. Оның ішінде спорт кешеніне келушілерге арналған жаттығу құралдарын көбейту және мектеп жанындағы интернаттың жай-күйі, ғимараттың жылыту маусымына дайындығы мен санитарлық тораптардың үздіксіз қызмет етуін іске асыру қажеттігі тапсырылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: