Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
– суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
– тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
– суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
– өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
– суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
– қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз;
– техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар;
Су иірімінен шығудың тәсілдері:
– егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз;
– судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз;
– иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет:
– егер суда шаршасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз;
– әлсін-әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз;
– егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз, шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.