Домбыра жайлы Қызық деректер
Алтын домбыра
Алтынмен апталып, гауһармен әрленген домбыраның құны – 50 мың евроны құрайды. Бұл – кәде-сый жасайтын Швецариялық компанияның өнімі. Оған барлығы 24 каратты гауһар тасы бар таза алтын пайдаланылған. Ұзындығы – 100 см, ені 25 см. Домбыра күнделікті қолдануға арналмаған, оның әуен ойнап беретін арнайы механизмі бар. Онда «Үшқоңыр» (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), «Желсіз түнде жарық ай» (Абай) мен «Аққу» (Сүгір) әндері ойнатылады.
Гиннес кітабына енген ең кішкентай домбыра
Болатбек Кәрімханұлы жасаған ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – 4 см, 5 мм, ал ені – 1 см, 4 мм. Бала кезінен ағаштан бұйым жасауды жанына серік еткен шебер алғашында рекордтар кітабына ену үшін ең алып домбыраны жасау керек деп шешеді. Бірақ, оған қаржының жоқтығы кедергі болып, ең кішкентай домбыраға отырған. Сондай-ақ, Болатбек интернеттен іздеп қазақтың ең кішкентай домбырасы жасалмағанын көреді. Шамамен бір ай уақытта дүниеге келген бұйым ағаштан ойылып жасалған және құлақтары, ішектері, тіпті сыртқабы да бар.
Домбыра қашан пайда болған?
Ұлтымызбен жасасып келе жатқан төл аспабымыздың нақты шығу тарихы туралы ақпараттар жоқтың қасы. Ғалымдар IV ғасырда Хорезм мен Жамбылда жүргізілген археологиялық зерттеулерде табылған тасқа қашалған қос аспаптың суретінен кейін домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін деп болжайды. Ал ғалым Кемел Ақышев болса, б.з.б 4000 жыл бұрын салынған домбыраның суретін тапқан. Яғни содан бергі уақытты есептеп қарағанда домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар.
Домбыра аспабы тағы қандай халықтарда бар?
Домбыра – топшур, ұйғыр, түркімен халықтарында – дутар, қырғыздарда – комуз, әзірбайжандықтарда – гопуз, тәжіктерде – думрак, өзбектерде – думбыра, думбрак, ал ноғай мен башқұрттарда – домбыра деген атау алған. Әрине, олардың құрылыстары да біздің домбырамен салыстырғанда, айтарлықтай ерекшеліктері бар. XІV ғасырдағы жазбаларда көрсетілген орыстың музыкалық аспабы домраның алғашқы түрі қазақтың домбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының ұқсастығы және пайда болуы бірдей екендігі де атап көрсетіледі.
.
Мәліметтер интернет желісінен алынды.