Өлеңі – өмірі
29 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жасай бер мәңгі
домбыра
Күмбірлеген үніңмен ел баураған,
Қос ішекті алтын домбырам.
Домбырам досым менің күй аңсаған,
Бабамнан қалған асыл мұрам.
Мұрасы Құрманғазы, Диналардың,
Төрінде ілулі тұр әрбір үйдің.
Тамылжытып сайраған бұлбұл үні,
Құлағыңнан кетпейді-ау күй күмбірі.
Жасай бер мәңгі домбыра,
Салтымызды жаңғыртып,
Күйлеріңді қалқытып,
Думанды туған күніңде.
Г.Жұманбекова,
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің математика
пәні мұғалімі.