аудандық мәслихаттың жиырма бірінші сессиясы өтті

89 Views

Өткен аптада аудан әкімдігінің ғимаратында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті. Аталмыш сессияға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Сессия барысында ауданның 2023 жылға бөлінген бюджетінің орындалуы талқыланып, бүгінде зейін қойып, назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер сараланды. Сонымен қатар, депутаттық корпус тарапынан үстіміздегі жылы атқарылып жатқан бірқатар жобаларға қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып, оларға тиісті бөлім басшыларынан жауаптар алынды. Атап айтқанда, барлық маңыздағы көлік жолдарының сапасы және оларға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы, тозығы жеткен электр желілерін жаңарту сынды маңызды мәселелер талқыланды. Аудан басшысы Ернар Есіркепов сессия қатысушыларына депутаттық корпус жұмысының маңыздылығын жеткізіп, ауыл әкімдеріне округтеріндегі іске асырылып жатқан барлық жобалардың сапалы орындалуын тұрақты бақылауға алуы қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: