сайлаушылармен кездесті

39 Views

Өткен жұмада облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Луговой ауылдық округі әкімін сайлау бойынша округтегі №357, 358, 359 учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысу мақсатында ауданға келді.
Сондай-ақ, Серғали Өмірзақұлы аталған округтің сайлаушыларымен кездесті. Кездесуге Луговой ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Әлпейісов және жергілікті қауымдастық кеңесінің мүшелері Ж.Беспаев, М.Базарбаев, Луговой ауылынан сайланған мәслихат депутаттары, теміржол мекемелерінің басшылары, мекеме қызметкерлері және округтегі сайлаушылар қатысты.
Серғали Өмірзақұлы жиын қатысушыларына жалпы сайлау жүйесі туралы мәлімет беріп, демократиялық қоғамды қалыптастыруда әрбір азамат сайлауға қатысып, еркін түрде таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында сайлау өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процесінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын катаң сақтауын ескертіп, округтегі 6233 сайлаушының сайлауға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: