Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қазақ елінің Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтық қоғамға қарай ұмтылыстың нақты белгісі – Қоғамдық кеңестер болып табылады. Қазір құзырлы органдармен қоян-қолтық қызмет етіп келе жатқан ауданымыздағы Қоғамдық кеңестің бірқатар өзекті мәселелерінің оңтайлы шешілуіне арқау болып отырғаны да белгілі.
Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысын оның төрағасы Шорабек Атабаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Соның бірін аудандық полиция бөлімінің басшысы Байжан Жақсылықұлы Сатылғанов аудандық полиция бөлімі тарапынан 2024 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары жөнінде Қоғамдық кеңестің заңнама талаптарына сай ақпараты тыңдалды. Берген ақпаратында аудан аумағында құқықбұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шаралар жөнінде айтылды. Сондай-ақ, дайындаған ақпаратында бес бағыт бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.
Келесі кезекте экономика, қаржы, бюджет, қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету, экология, табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Доқтыралы Көркембайұлы аудандық полиция бөліміндегі жедел қызмет жұмыстарын зерделегені жөнінде анықтама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері Түзел Селбайқызы және Ертіс Армиябекұлы жарыссөзге шығып, өз ұсыныстарын жасады.
Жиындағы екінші мәселе жөнінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ләззат Тәліпбекқызы «Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылдың 25 желтоқсанында №15-4 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2024-2026 жылдарға арналған Тұрар Рысқұлов ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы», «Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсанындағы №16-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» тақырыпта хабарлама жасады. Аталмыш өзгерістерге аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірауыздан келісімі берілді.
Гүлнұр Аманжол.