Келелі кеңес

71 Views

Өткен сейсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Аталған кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі мекеменің басшылары қатысты.

Кезекті аппараттық кеңесте кәсіпкерлік саласындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және аудан тұрғындарының газет-журналдарға жазылуы қаралды. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңесте аталған бағыттардағы өзекті мәселелер қаралып, әлі де дамытуды қажет ететін тұстары талқыланды.
Атап айтқанда, аудандағы инвестжобалардың нақты жүзеге асырылуы, кәсіпкерлік нысан­дарының өнімін реттеу, салықтардың төленуі және газет-журналдарға жазылу көрсеткіштері талқыланып, бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: