Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен қолдау тауып, барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары ерекше белсенділікпен қарқынды жүргізілуде. Ауыл аумағы былай тұрсын, өзен-көлдердің жағалаулары да күл-қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазалануда. Осының нәтижесінде еліміз көркейіп, гүлдене түсуде.
Мұны біздің ауданымыздың мысалынанда айқын аңғаруға болады. Республикалық акция басталғалы бері, әрбір сенбі сайын тіпті, жай күндері жұмыс аяқталған соң да, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мұны тіпті әдетке айналып келеді десек те қателеспейміз. Алғаш акция басталған күндері аудан әкімдігінің бастамасымен жылдар бойы қараусыз қалған «Дендро» саябағына бес жүзден астам адам шығып, мекемелер техникаларымен келіп, игілікті істі қолға алған болатын. Осы кезде ауданымыздың аузы дуалы қариялары ел жұртқа өздерінің үндеулерін жолдап, тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырып, ақ баталарын берген еді. Міне, содан бері екі айдың жүзі болды, тазалық жұмыстары мен тал-дарақ отырғызу бір күнге де толастаған емес.
Күні кеше ғана аудан орталығындағы «Ардагерлер» аллеясына аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ерікті жастар және коммуналдық мекеме мамандары келіп саябақты мұнтаздай етіп тазалап берді. Бұл игілікті іс-шараның басы қасында да біздің қадірменді қариялар жүрді. Ауданымыздың құрметті азаматтары, жастары сексеннен асқан ақсақалдарымыз Райзо Шәділбеков, Санат Қырықбаев, Тәліпбек Шақбаев және басқа да ардагерлер демалыс орнына қамқорлық көрсеткен жастарға алғыстарын білдірді.
Жадыра Жастарова,
аудандық ардагерлер
үйінің ардагерлермен
жұмыс жүргізу жөніндегі
маманы.