ХҚКО-ның операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

90 Views

Халыққа қызмет көрсету орталы­ғының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау ар­қылы байланысып, мемлекеттік қыз­мет­тер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді.
Бұл қызметті пайдалану үшін қосым­шаның басты бетінде «Бейне қызметі» батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.
«Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтар үшін ыңғайлы. Егер халық­қа қызмет көрсету орталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уа­қыт­та жету қиын болса, азаматтар ХҚКО қызметкеріне бейнеқоңырау ша­лып, қызмет ала алады. Қосымша қазақ­стандықтар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400 мыңға жуық қолданушысы бар», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді.
Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрон­дық кезек талонын алуға, қа­жетті халыққа қызмет көрсету орталы­ғының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: