ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

97 Views

Ағымдағы жылы аудан аумағында 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, 4 ауызсу құрылысы, 3 денсаулық нысаны, 2 мәдениет үйі, 1 спорт кешені, 1 мектеп құрылысы және 24 көше жолы. Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылап, олардың уақтылы аяқталуын бақылау үшін арнайы мониторинг топ жүргізілуде.
Аталған мониторингтің қорытындысымен таныстыру мақсатында өткен дүйсенбіде ауылдық округ әкімдері, мердігерлер мен техникалық қадағалаушылардың басын қосып, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бисембаев Қайрат Әшірәліұлы мен аудан әкімінің орынбасары Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы кеңес өткізді. Кеңесте құрылыс нысандарының сапасына қатысты ұсыныстар беріліп, мониторингде анықталған кемшіліктерді жою туралы өзекті мәселелер талқыланды.
аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: