Қайыңдыда қажетті жұмыстар жүргізілді

91 Views

Апта басында Қайыңды ауылында қатты жауын салдарынан көлбеу ағын су қалыптасып, аталған ауылдағы 40-қа жуық үйдің ауласынан су өткендігі анықталды.

Тұрғындарға көмектесу және су айдау, арық-каналдарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта аудандық шұғыл әрекет ету штабы құрылып, аудандық төтенше жағдай бөлімі мен ауылдық округ әкімдігінен барлығы 30 адам, 7 мотопомпа, 8 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, аталған ауылдағы жағдайды аудан әкімі Ернар Есіркепов зерделеп, жауапты тұлғаларға кезек күттірмей іске асырылуы тиісті бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде Қайыңды ауылының тау беткейіне тереңдетіп арық-каналдарды қазу, барларын кеңейту, ауылішілік көшелердің де арықтарын тазалау сынды тапсырмаларды атап өту қажет. Тұрғындарға материалдық зиян келмеген. Адам және мал шығыны жоқ. Осы тұста аудан тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

 

Поделиться ссылкой: