Жарты жылдық жұмыстар зерделенді

94 Views

Өткен сәрсенбіде аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы өзі жетекшілік ететін салалардың жарты жылдықта атқарған жұмыстарын зерделеп, қорытындысымен танысып, өзекті мәселелер мен тапсырмалардың орындалу барысын тыңдады.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, бірқатар бөлім басшылары жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баяндама оқып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс шаралар мен проблемалық мәселелерді де қозғады. Тоқталатын болсақ, жиын барысында ауданның санитар-эпидемиологиялық жағдайы, медицина саласындағы кадр тапшылығы, жастарды жұмыспен қамту. Сонымен қатар, мәдениет және білім саласындағы бірқатар мәселелер де көтеріліп, жауапты мамандарға хаттамалық тапсырмалар жүктелді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: