Семинар-тренинг өтті

92 Views

Өткен сәрсенбіде ауданымызға Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарымен бірлесе «БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелерде этносаралық қатынастар саласындағы сенім мәдениетін, мемлекеттік саясатты ілгерілету, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мақсатында кеңес беру және семинар-тренинг өткізді.

Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Харкиевич Буларов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Дүйсембайұлы Баймульдинов, Е.А.Бекетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетінің аға оқытушысы Руслан Алтайұлы Тоқатов пен бірқатар қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Сәуле Досымбекқызы арнайы жұмыс сапарымен келді. Сонымен қатар басқосуға аудан прокуроры, аудандық бөлім, мекеме басшылары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, бұл бағыттардағы өзекті мәселелер талқыланды.
аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: