Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру туралы

116 Views

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 16-тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Т.Рысқұлов ауданы көлемінде 2024 жылдың 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізудің күзгі екі айлығы жариялансын.
2. Абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша күзгі екі айлық өткізу туралы аудандық штабтың құрамы (№1 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3. 2024 жылғы күзгі абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шаралар жоспары (№2 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
4. 2024 жылға арналған Т.Рысқұлов ауданы бойынша күзде жас көшеттерді отырғызу жоспары (№3 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
5. Абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша күзгі екі айлық өткізілу кезінде жауапкершілік бөлім және мекеме басшыларына жүктеліп, тізімі бекітілсін (№4 қосымшаға сәйкес).
6. Ауылдық округ әкімдері күзгі екі айлық кезінде:
– тал-дарақтар және жас көшеттер отырғызу, елді мекендерде тазалық жүргізу кезінде кең ауқымды іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асыру;
– көлік және жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жөндеу, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың, жекеменшік үйлердің қасбеттерін жөндеу, жаңарту туралы тиімді жұмыстар жүргізу;
– көшелерде жарықтандыру, көрнекі құралдарды жаңарту, ескерткіштер мен бағандарды және шағын сәулет нысандарын ретке келтіру бойынша шаралар қабылдасын.
7. Луговой (Жандар Жақсылықұлы Мұздыбаев) (келісім бойынша) және Ақыртөбе (Узбеков Қайрат Медербекович) (келісім бойынша) орман және жануарларды қорғау мекемелеріне орман питомниктерінде қажетті көлемде көшеттер отырғызу шараларын жүзеге асыру ұсынылсын.
8. Ауылдық округ әкімдеріне және Жамбыл облысы полиция департаментінің Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы Сатылғанов Байжан Жақсылықұлы (келісім бойынша) ауыл аймақтардағы учаскелік полиция қызметкерлеріне ауданның елді мекендері мен олардың айналасындағы аумақтардың санитарлық жағдайына, белгіленбеген жерлерде, автомобиль және темір жол бойында кездейсоқ қоқыс төгетін орындарды болдырмауға бақылауды күшейту ұсынылсын. Атқарылған жұмыстар туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аптасына бір реттен кем емес мәлімет беріп тұру ұсынылсын.
9. Ауылдық округ әкімдеріне «Таза Су – 2014» ШЖҚ КМК-мен бірлесіп орталықтандырылған су құбырлары бар ауылдардағы артезиан құдықтарының айналасын тазартып, қорғау-қоршау зонасын орнату, көше бойындағы су құбырларына тексеру жүргізіп, тесілген жерлерін уақтылы жою, байқау құдықтарын тазартып, бетін жабу, су құбырларына залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру ұсынылсын.
10. Ауылдық округ әкімдері кездейсоқ жерде күл-қоқыстардың тасталуына жол бермеу үшін өздеріне қарасты елді мекендерде арнайы күл-қоқыс тастайтын орынды көрсететін бағыттаушы және тиым салатын белгілердің орнатылуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізсін.
11. Аудандық «Құлан таңы» газетінің редакторы Бықыбаев Нұрлан Дүйсенәліұлына күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы газет бетіне жарияланып тұруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Есеев Бауыржан Бақытжанұлына жүктелсін.

Аудан әкімі Е. Есіркепов

Поделиться ссылкой: