Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

133 Views

2024 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтіп, онда мынадай мәселелер қаралды;
– Республикалық референдум туралы заңнаманы жаңарту мәселелері туралы;
– 2024 жылғы 6 қазанға тағайын­далған республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы;
– 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған респу­б­­лика­лық референдумды өткізу кезін­дегі шет мем­­лекет­тердің, халы­қаралық ұйым­дардың байқаушылары, шетелдік бұқара­лық ақпарат құрал­дарының өкіл­­дері қызметінің кейбір мәсе­лелері туралы;
– 2024 жылғы 6 қазан­ға тағайындалған республикалық референ­­думды әзірлеу мен өткізу­дің ұйымдастырушылық ас­­пек­тілері туралы.
Отырысқа облыстық аумақ­тық референдум комис­­сия­­сы­ның толық құрамы мен қалалық және аудан­дық аумақтық референдум комис­сияларының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері қатысты.
Комиссия отырысын ашқан облыс­тық аумақтық референдум комиссия­сының төрағасы С.Айдапкелов, Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес атом электр станциясын салу мәселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті.
Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайтынын, референдумды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратынын түсіндірді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық референдум комиссиясының мүшесі Е. Жапаров сөз сөйледі.
Ол ағымдағы жылдың 5 шілдесінде республикалық референдум туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті Конституциялық заңға түзетулер қабылданғанын хабарлады.
Е. Жапаров отырыс қатысушыларына референ­дум туралы жаңартылған заңна­маны түсіндірді. Негізгі жаңашылық­тардың қатарында ұлттық және халықара­лық байқаушылардың, сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту туралы түсіндірді (бұрын бұл мәселе референдум туралы заңнамамен реттелмеген, осыған байланысты сайлау туралы Конституциялық заңға сілтеме нормасы көзделген).
Сондай-ақ, жаңартылған заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының референдумды әзірлеу мен өткізу барысын жария ету тәртібі айқындалады (осы мәселеде бірыңғай қолдану практикасы мақсатында сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес өзгерістер енгізілді).
Референдум өткізу кезеңінде қоғамдық пікірге сауал салу жүргізудің негізгі аспектілері түсіндірілді, олар түзетулерге сәйкес сайлау заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Облыстық референ­дум комиссия­сының мүшесі Е. Жапаров референдум комис­сия­лары мүше­лер­інің жұмысын­дағы жаңашылдықтар туралы да айтты. Осылайша референдум комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу сайлау туралы заңға ұқсас жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, жаңартылған референдум туралы заңнамада референдум комиссиясының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселесі де нақты регламенттелген.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойын­ша облыстық референ­дум комиссиясы төрағасының орын­басары Т.Жамалов баяндама жасап, республикалық референдум өткізу кезеңіндегі үгіттің негізгі аспектілерін түсіндірді.

Мәселен, респуб­лика­лық референ­дум туралы Конститу­ция­лық Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес, Республи­ка­ның азаматтары мен қоғам­дық бірлестіктері референдумға шығарыл­ған мәселеге өз пікірін «жақтап» немесе «қарсы» айту құқы­ғына кепілдік беріледі. Бұл үгіт болып саналады.
Үгіт плакаттар, парақ­шалар, баннер­лер және басқа да элект­рон­дық және баспа материалдарын шығару арқылы жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ, заңда жиналыстар, митингілер, азаматтар жиындарын өткізу және бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт жүргізу көзделген.
Бұл ретте заңнамада үгіт жүргізу кезінде белгілі бір шарттардың сақталуы көзделген.
Барлық үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым, олардың басылған орны мен таралымы, оларды шығаруға жауапты тұлғалар туралы мәліметтер болуға тиіс. Анонимді үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады. Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікке, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа, табынуға, үгіттеуге жол берілмейді. Үгіт материалдарын орналастыру меншік иесінің келісімімен арнайы бөлінген орындарда және өзге де объектілерде жүзеге асырылуға тиіс. Жабық үй-жайлардан тыс үгіт (жиналыстар, митингілер) бейбіт жиналыстар туралы заңның талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Үгіт референдум тағайындалғаннан кейін басталады. Бұл ретте референдум­ның алдындағы күні (үнсіздік күні) және референдум өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады. Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде бұрын ілінген баспа үгіт материалдары, плакаттар сол орындарда сақталса болады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық референдум комиссиясының мүшесі М. Сембеков баяндама жасап, 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды.
Ол Қазақстан Респуб­лика­сы көп­теген халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде халықаралық байқау институтын ашу бойынша өзінің халықаралық міндеттемелерін тұрақты орындайтынын атап өтті.
Республикалық референдум туралы Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес, референдум өткізу кезінде шет мемлекет­терден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым­дардың байқаушылары Орталық референдум комиссиясының Төрағасы мен Сыртқы істер министрінің шақыруы бойынша референдумды байқауға қатыса алады. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар­дың байқаушылары Сырт­қы істер министрлігінің ұсынуы бойын­ша ҚР Орталық референдум комис­сиясының жанынан аккредиттеледі.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша облыстық референ­дум комиссиясының хатшысы А. Боранбаев баяндама жасады.
Ол науқанның жалпы ұзақтығы, тағайындалғаннан дауыс беру күніне дейін 35 күн болатынын хабарлады. Дауыс берушілердің тізімдерін жасау бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар тағайындалғаннан кейін бірден бастайды. Дауыс беруден 20 күн бұрын, яғни 15 қыркүйекте тізімдер референдум учаскелеріне беріледі.
Азаматтардың уақытша болатын орындарында құрылған референдум учаскелері бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері азаматтарға танысу үшін дауыс беру күніне 5 күн қалғанда ұсынылады.
Сайлау туралы Конституциялық заңда азаматтардың болу орнын ауыстырған кезде дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігі бойынша дауыс беру құқығы көзделген. Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде референдумның басқа учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді.
Азаматтарға тізімдерде өздерін тексеруге және дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жерін білуге мүмкіндік беру үшін жер­гілік­ті атқарушы органдар тиісті онлайн сервистер мен интернет-ресурстарды қолдану практикасын жүргізеді.
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу барысы Күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуге тиіс екендігіне назар аударылу қажет екендігі ескертілді.
Отырыста комиссия төрағасы С.Айдапкелов дауыс беру күніне дейін учаскелік референ­дум комис­сияларының мүшелерін оқыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
15 қыркүйекке дейін учаскелік референдум комиссияларының (төрағалардың, төраға орынбасарлары мен хатшылардың) басшылық құрамы үшін оқыту ұйымдастырылады және республикалық референдумды ұйымдастырушылардың барлық құрамы оқытумен қамтылатын болады.
Дәстүрлі әріптестермен бірлесіп саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде оқыту жоспарлануда.
Сондай-ақ, облыстық референдум комиссиясының төрағасы отырысқа қатысушыларды ОРК мүшелерінің референдумды әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша өңірлерге инспек­циялық сапарлары жоспарланғандығы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, халықты ақпараттандыру, дауыс беру күніне учаскелердің дайындығы және азаматтардың дауыс беруі үшін, оның ішінде мүгедектігі бар және дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударып өтті.

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы.

Поделиться ссылкой: