Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Мемлекет басшысына еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Ғани Бейсембаев Президентке өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен. Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған.
Оқу-ағарту министрі тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала беретінін айтты. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынды.
Мемлекет басшысына орта білім сапасын арттыру туралы айтылды. Мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған.
Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
AKORDA.kz