Үйінде тыйым салынған кітапты сақтаған
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен аудандағы ауылдардың бірінің тұрғынына қатысты тыйым салынған әдебиеттерді заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 453-б. 4- б.).
2024 жылдың сәуірінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында 41 жастағы ер адамның үйінде діни кітапты заңсыз сақтау фактісі анықталды.
Сот шешімімен бұл кітап Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және таратуға тыйым салынған.
Құқық бұзушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйінен табылған кітапты сақтағанын және оның тыйым салынған кітап екенін білгенін растады.
ӘҚБтК-нің 453 б. 4 б. санкциясымен – өнім тәркіленіп, жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Сотпен ер адам ӘҚБтК-нің 453-б. 4-б бойынша кінәлі деп танылып, оған 258 мың теңге айыппұл салынды. Қаулы күшіне енген соң кітап жойылуға жатады.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Құлан таңы» ақпарат.