Бала қауіпсіздігі – басты назарда

59 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен білім саласына және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты кеңес өтті.  Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы мен аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері, колледж-мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты. Басқосуда аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Айтымбетұлы саладағы өзекті проблемалық мәселелер туралы баяндама жасап, бірқатар жоспарлы мақсат-міндеттерімен бөлісті. Қазіргі уақытта білім бөліміне қарасты барлығы 71 білім беру ұйымдары жұмыс атқарады. Олардың 39-ы мектеп болса, 26-сы балабақшалар, 5 мекеме қосымша білім беру ұйымдары. Бүгінде 39 мектептің 12-сі күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мақсатта келесі жылға А.Байтұрсынов, Қ.Сұлтанбеков және М.Горький атындағы орта мектептеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсынылған. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 3067 балаға және 1-4 сыныптардағы 5054 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Бұл мақсатта бюджеттен 257,2 млн.теңге қарастырылған. Аудан әкімі кеңес барысында іске асыруды қажет ететін басқа да маңызды мәселелерді атап өтіп, нақты бағыт-бағдарларды айқындады. Оның ішінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдттерді жандандыру, мектеп жасындағы оқушылардың мейрамханаларда жұмыс істеу фактілерінің алдын кесу, жылыту маусымына дайындық шараларын толығымен аяқтау және де ақша жинау фактілерін болдырмау қажеттігі хаттамалық тапсырмаларға енгізілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий