«Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» мәселелері жөнінде Қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен де кездесу өтті

58 Views

Өткен жұмада Тараз қаласында Жамбыл облыстық аумақтық рефе­рендум комиссиясының ұйымдас­тыруымен «Мүгедектігі бар адам­­дардың сайлау құқықтарын қам­та­­масыз ету» мәселелері жөнінде қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы­ның орынбасары Самат Төрегелдиев және қоғамдық бірлес­тіктердің төрағалары қатысты.

Кездесуді облыстық аумақтық референдум комиссиясының төр­ағасы С.Айдапкелов ашып, мүм­кін­дігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша қысқаша ақпарат беріп өтті.
Келесі сөз кезегі облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масы басшысының орынбасары С.Төрегелдиевке берілді. Өз сөзінде мүгедектігі бар адамдардың барлық үш санаты бойынша (көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған) мәселе­лерге тоқталып, дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлау­шы­лардың саны – 2478, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатындар – 1194, көру қабілетінен толық айырыл­ғандар – 692, Брайль қарпін меңгерген – 73, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар – 592 сайлаушы бар екенін айтты.
Сондай-ақ, пандустар мен так­тильді жолдар орналасқан учас­келер саны – 463, сурдо­аудар­ма­шылар саны – 55, инватакси – 33, оның ішінде Тараз қаласында 13 инватакси қаралғандығын атап өтті.
Референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов кездесу соңында қоғамдық бірлестіктердің төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлес­тіктер төрағаларына арнайы комиссия құрып, референдум учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың үш санаты бойынша қандай жағдайлар жасалғандығы бойынша өз тарап­тарынан тексеріп көрулерін ұсынды және алдағы референдумды заң талаптарына сәйкес бірлесіп өткізуге шақырды.

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий